Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  597


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Қызыма

Аққу мойын, қаз омырау,
Деп аташың жазып кеткен.
Қазыналы қазағым-ау,
Деп боташым, жазып кеткен.
Сәукелемсің сәнімсің деп,
Апаң сені жазып кеткен.
Әлдилеген әнімсің деп,
Әжең сені жазып кеткен.
Суға түскен сұлбамсың деп,
Қайың сені жазып кеткен.
Қырға қонған тұлғамсың деп,
Қарағайың жазып кеткен.
Жүректегі лүпіл ғой деп,
Жасыл құрақ жазып кеткен.
Сыңғырлаған күлкім ғой деп,
Бұлақ сені жазып кеткен.
Күн сырғасын құбылтқанда,
Ай алқасын тағып кеткен.
Сендегі бар сұлулықты
Табиғатым тауып кеткен.
Жайқала бер көк құрағым,
Басталады басқа ағысың,


Нұрға бояп ақ бұлағым,
Жердің бетін, аспан астын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу