Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  358


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Көкшетау, Қараөлең мен Киікқашқан...

Көкшетау, Қараөлең мен Киікқашқан,
Мен жүрмін туған жерден жиып дастан.
Ұрланып сүтке тиген ақ күшіктей
Ақша бұлт Ақбиікке тиіп қашқан.
Қызылжал, Доғалаң мен Берікқара,
Жүремін атқа мінсем, желіп қана
Қарайды көл көздерін бір төңкеріп,
Қызарып Күн шыққанда елік дала.
Мәрәмік, Тәбеке мен Абыралы,
Көрмесе қайран жүрек сағынады.
Нохаға ас берілген сұлу жазық,
Таңертең шықтан моншақ тағынады.


Ақбұлақ, Таңат, Самай, Бидайығым,
Келеді жүз қайтара қимай ұлың.
Туған жер, бол риза, асыл көрсең,
Ішінен сол ұлыңның шимайының.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу