Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  120


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Қысқы ауылды аңсау

Күндер ұшып қанаттарын қаққанда,
Қыс түскенде із саламын ақ қарға.
Шаршағанда шуылынан қаланың,
Ауыл жайлы жыр жазамын бақтарда.
Қуанамын қысқы ауылдың келбетін
Түкпірінен жүрегімнің тапқанда.
Түкірігің жерге түспей қатқанда,
Сақылдаған сары аязда ақпанда.
Қызығасың түзу шыққан түтінге,
Ауыл қойнын жылытатын оттарға.
Береке де, мал да соған бітеді,
Ала жаздай тыным таппай баққанға.
Дәл қазір мен жүрсем де алыс қалада,
Ораламын оймен ғажап шақтарға.
Сенен таптым бақытымды, бағымды,
Көзімдегі қарашығым, ағымды.
Ұя салған қараша үйге мен туған.
Менің жаным тыныштықты сағынды.
Пеште лаулап, қаулап жанған оттайын
Өлеңіммен жылытамын ауылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу