Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  125


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Сөздері төржайлаудың гүлдеріндей...

Әлібек Асқаровқа



Іс нап-нақ, қимыл ширақ, ой көреген,
Тұрпатын қыздырып-ап бәйгеменен.
Ғажайып сұлулықты көру үшін
Алтайға бару керек! – дейді, – Әлекем.
Алдымнан толқын көріп аман қайығым.
Бір көрсем, Аға, сізді, соған байыдым.
Суретін сөзбен салған өр Алтайдың,
Жайлауын Сіздей жазған Шабанбайдың.
Сіз ішкен бұлақтан су ішкендеймін,
Сіз түскен өзенге де түскендеймін.
Сіз көрген аңнан басқа аң көрмеймін,
Сіз көрген құстан басқа құс көрмеймін.


Бұғының көздеріндей көзің жансын,
Төржайлау гүлдеріндей сөзін жансын,
Орағам Кербұғы боп кетті Алтайға,
Иншалла, Мұзтау шыққан өзің барсың.
Сөз жақсаң, қараңғыда шамдай жақшы,
Шам жақсаң, бүкіл қазақ таңдай қақшы.
Мұзтауды бетке ұстап, біз келеміз,
Алдыңда ағаң болған қандай жақсы!
Беу, Алтай, кербез Алтай, Алтай, Алтай,
Аяғың жете сала, шалқай, шалқай.
Асу ма алпыс деген өзіңізге
Сіз үшін түсіңіз ғой шаңқай, шаңқай.
Астана, Алматыға тиіп, қонып,
Келеміз кердалада киік болып.
Артыңнан ерген мына біздер үшін,
Мұзтаудай тұрыңыз тек биік болып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу