Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  109


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Дала әуендері

Күй қайда, далам, ән кайда,
Дертімнен таста арылтып.
Алматы қалды шалғайда,
Өзіңнің көркің сағынтып.
Сағындым сені сал өлкем,
Сарғалдақ толы қырларды.
Тұрып ап ылғи таңертең,
Кызықтаушы едім қырманды.
Сол күнім менің ұрланды.
Өткенді еске түсіріп.
Сылдырлат, бұлақ, сырғаңды,
Келіп тұр жырын ұсынып.
Лайлаған тентек тұнбаңды.
Жайлауға барсам қыстауға,
Құстардың әнін айтушы ем.
Күбіні баптап ыстауға,
Тобылғы жинап қайтушы ем.
Сол кезім менің ұрланды.
Өткенді еске ап тулаған,
Жүрегім қазір ержеткен.
Уақыт-ай, уақыт зулаған,
Ұрлықшы едің сен неткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу