Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  131


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Сәмбі тал

Жапырақтары жиылып,
Тәңіріге сиынып.
Жасыл бешпет киініп,
Жар қабақтан иіліп,
Аққан судың бетінен
Сүйіп алған сәмбі тал.
Бір-біріне үздігіп,
Жігіт сөйлеп, қыз күліп,
Махаббат тұнса ойына,
Мың бұралған бойына,
Ғашықтардың бал сырын,
Құйып алған сәмбі тал.
Алтын шашы жайылып,
Күміс суға шайылып,
Түнгі айдында талықсып,
Жалаңаш Ай толықсып,
Шомылғанын өзенде
Талай көрген сәмбі тал.
Өрілген шашы сәнді еткен,
Желмен баяу әндеткен,
Өмірге шөлі қанбайды,
Хас сұлудан аумайды,
Айнасына өзеннің
Қарай берген сәмбі тал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу