Өлеңдер ✍️

  29.09.2022
  98


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Күз

Ұрттап алып ақ жауын – шалабынан,
Сары күйге елітіп қалады маң.
Кең аспанды желге еріп кезеді кеп,
Ызғар шашып сұр бұлттар жанарынан.
Іздеп Күнді дөңестер мұң шағады,
Қалың тұман тауларды тұмшалады.
Түсіреді бір мезет көктемді еске,
Табиғаттың мәңгі жас шыршалары.
«Тәртіп керек, ізгілік, ізет керек!» –
Деп тұрғандай күбірлеп, түз өкпелеп.
Жазға дейін қоштасып жайлауымен,
Шопан табан тіреді күзекке кеп.
Жәрмеңкесі құстардың жыртылды әні,
Ауа дымқыл, жер дымқыл, дымқыл бәрі
Күллі ағаш моншаға түсіп жатыр,
Шешіп тастап киімін сыртындағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу