Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  324


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Қыраугүлдеген

Күн шайдай ашық, аспанда
жоқ, жоқ қылау да,
Кім жаудырды екен күмістей
бақ-бақты бауда.
Қараша күзде тал-тоғай
гүлдеп тұрғандай,
Ағаштың басы малынып
аппақ қырауға.
Қайталанбайтын бұл неткен
көрініс еді,
Тұнық бұлақтан сіміріп
елік ішеді.
Қыраугүлдеген. Күзгі таң.
Таудың бөктері.
Байқамағанмын қалайша
өмірі сені.
Жүрекке таққан келемін
тұмар жырменен.
Алыстап бізден барады


құнан күн деген.
Қараған басы аппақ боп
Селеудің түбі,
Таудың беткейі құлпырып,
Қыраугүлдеген.
Сілкін шабытым, қалды артта
мұнар күн деген,
Қыраугүлдеген ақкүміс
Қыраугүлдеген.
Табиғат – ақын сен мені
таңдай қақтырдың,
Қасқайып өскен тас жарып,
Шынар жырменен.
Қыраугүлдеген, Қыраугүлдеген...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу