Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  238


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Биялай

Бала күнде батыл ән,
Санамда ойды сапырам,
Қос қолыма ұядай,
Қой жүнінен тоқыған
Болды менде биялай.
Ұзақ күнді батырам,
Қыстың әппақ күйі ұнап.
Асыл әжем тоқыған
Биялайды киіп-ап.
Елемеймін шыңдап-ақ,
Сары аязды, ақпанды,
Тепкен кезде сырғанақ,
Ұстасам да ақ қарды.
Тауға шығып ойнағам,
Шанаменен зырлаймын.
Екі аяққа байлаған
Шаңғыменен зулаймын.
Қарға салдым жолымды,
Таудан төмен қиялай.
Тоңдырмайды қолымды,
Әжем берген биялай.
Жылылықтан бастаған
Өткенімді сезер кім?!
Тоңса қолым, еске алам,
Биялайын әжемнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу