Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  167


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Марал

Сен маған ғажап шабыт сыйладың, Марал,
Сені көргенде өзіме-өзім анық сыймадым, Марал.
Жарылып кете жаздап тұр едім құтқардың, Марал,
Махаббат майданында ұтылған кім, ұтқан кім, Марал.
Үніңнен ешкім ешқашан шырқамаған әнді ұқтым, Марал,
Ғашықтық дертіне шалдықтым, Марал.
Түрікменнің төрін сен бердің, Марал,


Өзің – Ләйлі, мені – Мәжнүнге теңгердің, Марал.
Ғашық абадта сөздерің түледі, Марал,
Жүрегімнің түбіне көздерің түнеді, Марал.
Түрікменнің қалы кілеміндей төгілген, Марал,
Перінің қызы Бекторыдай көрінген, Марал.
Жолаушылап өмірде келе жатқанмын, Марал,
Сен маған сырыңды терең ақтардың, Марал.
Аңыздағы Иранның бағындай екенсің, Марал,
Өзің де еліктің\ лағындай екесің, Марал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу