Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  117


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Түрікмен қарттың жанарының ішіндегі өлең

Бақтағы ағаш басынан алма үзілейін деп тұр ғой,
Кірпіктерге тамшы жастар тізілейін деп тұр ғой.
Жұдырықтай ет-жүрегім езілейін деп тұр ғой,
Түнгі аспанның түбінде жұлдыз көз ілейін деп тұр ғой.
Қорадағы азбан сиыр азынайын деп тұр ғой,
Маңдайдағы көп әжімім жазылайын деп тұр ғой.
Биік таулар сеңсеңдерін аттатамын деп тұр ғой,
Иегім де кемсеңдеуін тоқтатамын деп тұр ғой.
Персияның пері желі еспей қалам деп тұр ғой,
Қарақұмның қалың құмы көшпей қалам деп тұр ғой.


Алтын күн де асыл нұрын шашпай қалам деп тұр ғой,
Алла менің қос көзімді ашпай қалам деп тұр ғой.
Бір алапат тас төбемнен ұрып қалам деп тұр ғой.
Иығыма Ай қонақтап тұрып қалам деп тұр ғой.
Дүние – ағаштан алма – басым үзілейін деп тұр ғой,
Кірпігіңде моншақ – жасың тізілейін деп тұр ғой...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу