Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  117


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Ашхабат әсерлері

Мынау шаһар ертегідей әдемі ғой әдемі,
Анау гүлдер Әндәліптің өлеңі ғой өлеңі.
Мынау шаһар бақтай әсем жайнады ғой жайнады,
Атқан таң да Мақтұмқұлы ойлары ғой ойлары.
Түрікменнің бағы осында орнады ғой орнады,
Шыққан Күн де Оғыз ханның арманы ғой арманы.
Селжук сұлтан оғыздардың абызы ғой абызы,
Ғасырларды көктеп өткен
Қорқыт баба қобызы.
Құм үстінде мәрмәр үйлер шағылысқан күнменен,
Бұрымды ару кездесуге алып ұшқан кімменен.
Бір шайыр қыз қошық айтты жүрегінен гүл ұшып,
Алып Байрақ төңірегінде алып қыран жүр ұшып.
Болашаққа кіл назбедеу аттар шауып барады,


Көздерінде жарқ-жұрқ еткен оттар жанып барады.
Сол аттарда құмдай ыстық түрікменнің қаны бар.
Сол оттарда шыңдай асқақ түрікменнің жаны бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу