Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  76


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Беткейін әсем гүл басқан...

Беткейін әсем гүл басқан,
Алдымнан сансыз қыр қашқан,
Сен жайлы шалқар Сарыарқам,
Жазылды қанша жыр-дастан.
Жалғасқан қанша шоқылар,
Әр жерде жанған оты бар.
Көнеден қалған көздейін,
Обалар үнсіз отырар.
Бабалар салған сүрлеумен
Барады көшіп жыр керуен,
Солардан қалған шоқтарды,
Өшірмей келем үрлеумен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу