Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  66


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Қашқантеңіз

Қашқантеңіз, беу шіркін
Қашқантеңіз,
Уыстап ақ маржанын шашқан теңіз.
Әр толқыны мөп–мөлдір бір-бір өлең,
Ал өзі жазылмаған дастан теңіз.
Қашқантеңіз – Балқаштың бір бүйірі,
Қарасаң көз тартады тұңғиығы.
Дүниенің тарылмаған кең кезінде,
Су ішкен Сарыарқаның мың киігі.
Қашқантеңіз, сен кімнен қаштың екен,
Әлдекімге қойныңды аштың екен.
Үсті қоныс үйрек пен шағалаға,
Балықтарға тұңғиық асты мекен.
Қашқантеңіз. Атыңды халық қойған.
Сен қашпасаң келеді шабыт қайдан.


Бір кездері су басқан сенің орның,
Ойдым-ойдым сор болып қалып қойған.
Қашқантеңіз. Адамнан
Қашқантеңіз,
Алақанын аспанға тосқан теңіз.
Қашып бара жатса да қимай-қимай,
Адамдарға құшағын\ ашқан теңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу