Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  77


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Ақсуым

Естіліп күнде жатса үнің,
Баладым саған бағымды.
Арналы менің Ақсуым,
Талайлар саған табынды.
Даламның сен бір тұмары,
Келсе де қанша көктемдер.
Сағынтып мені тұрады
Сағынайдың асы өткен жер.
Кеудеме меруерт жиямын,
Шабыттың шоғын үрлеңдер.
Таниды тұлпар тұяғын
Күреңбай сыншы жүрген жер.
Тұяқтар әудем жер соқса,
Жүректе сайрап сан ізі.
Күңіренді кейде жел соқса,
Молықбай қарттың қобызы.
Өзгермей мәңгі тұра бер,
Жыр болып көктен құйыласың,
Ілияс тектес Құлагер,
Құлагер тектес Ілиясым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу