👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  189


Автор: Жібек Ысқақова

Сыйластықпен бастадым

Бұл өмірдің сынды сәті көп білем,
Әр күніме «шүкіршілік» деп жүрем.
Мына өмірде бүгін бармыз, ертең жоқ,
Қалатыны тек сыйластық деп білем.

Арайлы да, шуақты атсын таңымыз,
Сыйластықта үн қатайық бәріміз..
Ынтымақ пен бірлігіміз жарасып,
Жоғалмасын әніміз бен сәніміз.

Ашу-дұшпан, өкпе-реніш барлығы,
Көңілімді көтертпейді зар-мұңы.
Сондықтанда ренжімеймін ешкімге,
«Сыйласын» — деп шапағатын таң нұры.

Туған-туыс, бауырларым, достарым,
Білем өмір өте шығар қас-қағым.
Қара бұлттар үйрілсе де басыма,
Білдірмеймін, ашық менің аспаным.

Күлімдеймін, жылауға жол бермеймін,
Жамандықтың соңына мен ермеймін.
Ана адамды, мына адамды қаралап,
Балағаттап өсек сөзді термеймін.

Тыныш менің балдай тәтті өмірім,
Бір орнында қуанышты көңілім.
Қолым сынса жең ішінде, байқалмас,
Жоғалмайды өз-өзіме сенімім.

Тек сыйластық тілейтінім достарым,
Сыйластықпен өркендейді жас бағым.
Сыйластықпен тамамдайын, өйткені,
Сыйластықпен өлеңімді бастадым.

Жібек Искакова, 28.09.2022 жыл


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы