👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  27.09.2022
  148


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Көктем қыз

Ол да, күз де шығарыпты бізді ойдан...
Қоңыр шылым тұтаттым мен ақпанға!
Көктем қыз- ау, жолықтыңыз сіз қайдан?
Мен Құдайдан қашып келе жатқанда...
Өз ойына мас болғанда бар әлем,
Жалығамын көшедегі күбірден.
Қалқам, саған ат арытып барар ем,
Аса алмай- ақ, қойдым қызыл іңірден.
Ғасырлардың, уақыттардың әттеңін,
Түсінбейді, естімейді ел неге?
Ұқсайды олар, сені күткен сәттегі,
Менің мың жыл қартаятын бейнеме.
Ал, Құдайға, ұқсамаған еш жерім,
Білем, Құдай, ұқсамаған бізге де...
Күз де мені, менде күзді кешпедім,
Құдай сүйер қылық жоқ қой, күзде де.
Көктем қыз- ау, сен де оны, кеш деме,
Мен ұмыттым, сенде солай қаласаң.
Айтпаған- ақ болайын, мен ештеме,
Сенде ештеме естімеген бола сал!..


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы