Өлеңдер ✍️

  27.09.2022
  125


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Кеше де сен ойымда, бүгін де сен...

Кеше де сен ойымда, бүгін де сен,
Сағынбасам дәл бұлай бүлінбес ем.
Көшедегі сабылған көп көліктің,
Көңілсіз барасың ба бірінде сен.
Ботана бұлттар боздап салатын ән,
Күзгі жаңбыр. Меңіреу қала тұман.
Адасып кеттің бе сен әлдеқайда,
Өзімшіл пенделердің арасынан.
Төсіне менмендіктен қадап шынар,
Мені де сол пенделер мазақ қылар.
Оралмашы, өтінем, қайта оралуОралмай кеткеннен де азап шығар.
Шағылып қалмас менің тауым оған,
Сағыныш- дерт қой, бәлкім, сауыға алам.
Мен де бір күн адасам, сен сияқты,
Сол күні, мүмкін сені тауып алам.
Бүгін де сен ойымда, ертеңде сен,
Жүрек қылын өзің біл, шертем десең.
Сағынбасам дәл бұлай дала кезіп,
Сағынбасам, дәл бұлай өртенбес ем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу