Өлеңдер ✍️

  26.09.2022
  274


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Бірінші көктем

Бірінші көктем.
Көңілі қаяу, баста мұң.
Тулайды үнсіз сезім дейтін аспаным,
Шақырды ма мені жолдар білмеймін,
Мен осылай көркем көктем бастадым.
Көркемдігі, әсемдігі соншалық,
Мені үнемі жетелейді сол шабыт.
Сағыныш деп аталатын аралға,
Барғандаймын жалғыз өзім жол салып.
Жалғыздықтың мұндай дәмін білдім бе,
Мұндарларша мұнар ғұмыр сүрдім бе...
Ай сәулесі қазір менің серігім,
Сырласымдай шұғыласы күннің де!
Қайта оралмас, қайта келмес өткендер,
Мендік мұңға бас иіңдер, көк пен жер.
Мені қанша жылатады кім білсін,
Өтірікші көктемдер...
Күнікей қыз, түбіндесің қай мұңның,
Сенсіз елге керегі не қайғымның.
Сен жымисаң, мына өмірге ғашық боп,
Өкпелесең, қанатымнан қайрылдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу