Өлеңдер ✍️

  26.09.2022
  180


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Алматы жауын

Алматы.
жауын, алалап жауды,
Жағалап жауды Үшқоңыр жақты,
Соғар ма біздің Жағажайлауды?
Есіме түсті, түскені батты!
Аспан күркірі – тастар күркірі,
Жаңғыртып жатыр Алатауымды.
Бұл күн де өтер бастан бір күні
Деймін мен білмей аласаруды.
Жаңбырдың исі сені еске салды,
Елестеп алды тағы мұң...
Жауынға сен де со кеште тағы,
Малшындың ба екен, жарығым?!
Жоғалған елес –
ескі ноқаттан,
Хабар келмейді ентігін басқан.
Адасып кеткен кемпірқосақтан,
Хабар алмайды мен түгіл аспан.
Алматы.
жауын, алалап жауды,
Жағалап жауды сен жүрген жақты.


Алатауымды сағалап жауды,
Паналап жауды ел жүрген жақты...
Мұңлы сол күймен ұзақ қарадым,
Қатқыл аспанның қабағын бағып.
Сен кеттің енді, ұзақ қаламын,
Хаттар да келмес хабарыңды алып.
Хаттар да келмес, аман жүр, Күнім,
Мен бәрі- бәрін кешіре аламын.
Біз жаққа жаңбыр көп жауған күні,
Мен сені, Қалқам, есіме аламын!
Алматы.
жаңбыр жауып басылды,
Сәттермен бұндай таныс ем.
Соноооооу алыста жайып шашыңды,
Малшынып тұрсың әлі сен...
Қайта ғой, Күнім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу