Өлеңдер ✍️

  26.09.2022
  109


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Күнім

Көз жасыңмен тұншықтырып түн ішін,
Әлі жылап отырсың ба, Күнішім.
Хат жазуға тағы оқталдың кім үшін?
Соған ғана жететіндей тынысың...
Үміт таңын күтуменен келерсің,
Келер күннің кетпесіне сенерсің.
Хаттарыңды жыртыпсың ғой, кербезім,
Әкелер деп күтіп едім көгершін.
Күн елінен маған жеткен ертегім,
(Сені неге жабырқатты ерке мұң?)
Қанша хатты жұмарладың, өртедің,
Қанша хатты шимайладың, көркемім?
Тәңірді де тәбәрік қып сенгенім,
Бір мұңына құлақ асшы пенденің!
Шимайыңды тоқтатшы енді, Күнім- ау,
Тағдырымды жазып жатсың сен менің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу