Өлеңдер ✍️

  26.09.2022
  107


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Хат

Бұл көңіл қашан өмір көшіне ерсін?
Қай қырқада қап кеткен есі- дертім?
Сені іштей кінәлай беретінім,
Сағынғаннан екен ғой, кешірерсің!
Сүріп жүрген өмірдің несі мәнді?
Деймін де, еске түсіп шешім әлгі...
Соңғы рет қимай қарап батқан күнге
Қаншама рет өзіңді есіме алдым.
Бір ессіз нөсер болып төпегім кеп,
Тәуекелдің серік қып сетеңін көк.
Күрсінбей- ақ терең бір тыныстап ап,
Айғайлаймын ұмытып кетемін деп.
Жаңғырықсыз дала да айтады айқын,
(Қайтсем екен мұңдарды тарқамайтын.)
Ұмытам деп өзіммен арпалысып,
Кейде осылай әдетім қайталайтын.
Бәрібір сол баяғы есі- дертім,
Бұл көңіл қашан өмір көшіне ерсін!
Сені кейде өкпеге қимайтыным,
Сүйгендіктен екен ғой, кешірерсің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу