Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  236


Автор: Олжас Сәндібек

Түн де бөтен...

Түн де бөтен,
ағарған таң да бөтен
Деуші еді алғашында
«самға көкем!»
Уақыт деген өзі
бір қаңбақ екен.
Жалған десе дүние
жалған екен.
Ақ сағымға оранған
тау да бөтен
Мен аңсаған арманнан
аулақ екен.
Өмір деген
білгенге күрес екен
Өмір деген –
өлеңнің тармағы екен.
Күн батады,
қайтадан күн шығады,
Таусылмайды
тағдырдың мың сынағы.
Тағдырдың əр тауқымет
азабынан,


Асау жүрек
шығуға құлшынады.
Деуші едім шарықтаймын,
самғап өтем,
Самғап өтем дегенім –
арман екен.
Жалған десе дүние
жалған екен,
Мен сонда да
биікті арман етем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу