Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  224


Автор: Олжас Сәндібек

Тұщысы ма...

Тұщысы ма,
өмірдің ащысы ма?!
Жолықпақ боп
бір бөлім басшысына.
Барған едім
орнында болмай шықты,
«Күтсін» деп бұйырыпты
хатшысына.
«Сенім артып жүр ғой» деп
халық бүткіл,
Келгенше тағат қылып
талып күттім.
Сол сəтте есік жақтан
бір «ит» кірді,
Адамнан аумауын-ай,
жарықтықтың.
Хатшысына тіл қатты
адамға ұқсап,
Сасқалақтап мен тұрдым
санаулы сəт,
Үш мəрте
«Астафралла» дедім дағы,


Есіктен шығып кеттім
жағамды ұстап.
Адамнан аумауын-ай,
бəтшағардың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу