Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  110


Автор: Олжас Сәндібек

Жалған-ай деймін мен кейде...

Жалған-ай деймін мен кейде,
Түңіліп кетіп өмірден.
Егіліп кетіп ер кеуде,
Жігерім құм боп төгілген.
Өтіп жатыр күлмей күн,
Құдай деген бір ұл ем.
Неге екенін білмеймін,
Жүрмей жатып сүрінем.
Арай таң атпай ағынан,
Үзілген өйстіп жолым мың.
Маңдайға жазған бағымнан,
Қалыңдығын-ай сорымның.
Дүние деген құрғырдың,
Таба алмай айла, амалын.
Уайым деген бір құрдым,
Ұйыққа батып барамын.
Селсоқпын, жүрмін жүдеп те,
Қаратты сыртын тағдырым.
Түртінектеумен түнекте,
Күтумен келем таң нұрын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу