Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  102


Автор: Олжас Сәндібек

Ауылға хат

Жеңдіріп ойды қапаға,
«Кешікпеуші ед-деп-бұрын, ə».
Жүрсің бе əке, апама,
«Құмалақ сал» – деп ұлыма.
Мені ойлап жаның жүдетпе,
Дін аман ұлың сақадай.
Сыр беріп жүрген жүрекке,
Мұң жамап алма апатай.
Ол рас қазір күй бөлек,
Сырымды кімдер ұғынды.
Оралмай кетті үйге деп,
Кінəлай көрме ұлыңды.
Ауылында жүрмін ақылдың,
Жүргем жоқ босқа тепеңдеп.
Жыр тұлпар баптап жатырмын,
Арманды қуып жетем деп.
Үйірме бойға бөтен мұң,
Келеді ұлың аптығып.
Ұзамай мен де жетермін,
Көңілдеріңді шат қылып.


Ауылдағы сол барша үйді,
Түсімде көргем неше рет.
Сағынғанмын ғой, шаншиды
Кеуде тұсымдағы кесек ет




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу