Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  88


Автор: Олжас Сәндібек

Сөзімді дұрыс дегін...

Сөзімді дұрыс дегін,
теріс дегін,
Мына мен күні кеше
періште едім.
Пəк едім күпірліктен,
күнəдан да,
Санама құйылатын
нұр əмəнда.
Күн мен түнім үйлесіп
өрілетін,
Өмір сонда
жұмақ боп көрінетін.
Үйге келген Əжейден,
Атайдан да,
Құмар едім қол жайып
бата алғанға:
«Өзгертпесін пейілін
күндер ертең,
Періште ғой, əзірге».
Білген екен.


Рас, кеше пəк едім
күнəлардан,
Ал, бүгін ше?..
Айтпаймын, сұрамаңдар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу