Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  180


Автор: Олжас Сәндібек

Қызғаныш

Күйін кешіп көңілім күз даланың
Құлазимын қанымда мұздап ағын.
Біреу саған қараса көзін қадап,
Мен сол көзден өзіңді қызғанамын.
Құлпыртады өзіңді гөзəл далам,
Неткен жансың жанымды сезе алмаған.
Бақытыма жолықтым деп жүргенде
сағым бе едің япыр-ай көз алдаған.
Шыдайсың ба?
Жырыма орап өтем.
Бірде аптап ал бірде боран етем.
Шын махаббат бар болса ғашық жанның
Бойында бір қызғаныш болады екен.
Еркін шарлап жалғанның жұмақ бағын,
Қайғы шекпей қарсы алып жүр ақ таңын.
Бір іші тар жігіт деп ойлап қалма
Қызғанғаным сені шын ұнатқаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу