Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  99


Автор: Олжас Сәндібек

Жоқ мұнда қазір той-думан...

Жоқ мұнда қазір той-думан,
Терек тұр мендей қайғырып.
Ол жапырағынан айырылған,
Мен тұрмын сенен айырылып.
Сағыныш толы сананы,
Жылатып бірде жұбатып.
Жетелеп бізді барады...
...барады қайда уақыт.
Басылмай көңіл кемсеңі,
Жазылмас жанның емі сен.
Сағынып жүрмін мен сені,
Сағындың ба екен мені сен?!
Сағынышымды айтып өлеңге,
Күтемін сенен хат-хабар.
Сағынған болсаң егерде,
Сарғайып тұрған баққа бар.
Қуарған жүзі қайғыдан,
Бақтарға барсаң сен егер,
Жапырағынан айырылған,
Теректі көр де мені көр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу