Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  143


Автор: Олжас Сәндібек

Қарындасым-ау, ақылды...

Қарындасым-ау, ақылды,
Сезімің жетті хатыңмен.
Оқыдым бірақ,
хатыңды,
Сезіммен емес,
ақылмен.
Жазыпсың тағы хатыңда,
Жүрмін деп желге мұң шағып.
Жиырмаға жетпес жасыңда,
Күйзелгенің не мұншалық?
Таптырмас опа құр шаттық,
Мұң болып қалар көзіңде.
Баяны болмас бір сəттік,
Беріле көрме сезімге.
Бақыт боп шығар кейде мұң,
Өзіңде кейін ұғарсың.
Өзіме емес,
сен менің,
Жырыма ғашық шығарсың.
Оята көрме сезімді,
Сезімге сенсең құларсың.


Кешіре алмай өзімді,
Кешіре алмай жыларсың.
Ақынға бірдей, мұң, шаттық,
Ақыл жоқ тіпті ақында.
Сезімді мынау бір сəттік,
Оята көрме,
мақұл ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу