Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  97


Автор: Олжас Сәндібек

Сағындым...

Күз келсе,
күз келсе арманым,
Сырым мен мұңымның ырысы.
Көктемге ғашық бола алмадым,
Ғашық қыла алмады ол,
дұрысы.
Дəнеңесі де жоқ сенбейтін,
Кім білген,
ойлап жүр кім кімді.
Өзгелер сезіне бермейтін,
Сары күз сыйлады бір мұңды.
Сол кезге куə боп жол жатты,
Аралап сап-сары бақ ішін.
Сағындым сарғайған сол бақты,
Сағындым бұлақтың ағысын.
Кім білген, кім кімді ойлап жүр,
Ескі мұң сен тағы табылдың.
Жұрт біткен көктемді тойлап жүр,
Мен күзді өлердей сағындым.
Сол қызды өлердей сағындым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу