Өлеңдер ✍️

  25.09.2022
  103


Автор: Олжас Сәндібек

Не күтіп ең жаным-ау енді менен...

Не күтіп ең жаным-ау енді менен,
Жасыңды сүрт көзіңнен мөлдіреген.
«Менің мұңым – Махаббат» шамам келсе,
Мөлдіретіп жазармын мөлдір өлең.
Мөлдіретіп жаза алсам нəзік өлең,
Үндесетін көңілдің сазыменен.
Жинағымды қолына ап, əр жырымды,
Сұлу қыздар оқыса наз үнімен.
Сен де қуан мен үшін армандасым,
Бірге қуан менімен жалғанда шын.
Ғашықтықтың өлеңін көп жаздың деп,
Оған бола жүрегің арланбасын.
Бөлінеді сан ойға санам неше,
Жыр жазбай-ақ қояр ем маған десе,
Жасыңды сүрт көзіңнен мөлдіреген,
Бақытты етем мен сені шамам келсе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу