Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  338


Автор: Олжас Сәндібек

Қуанышты күнің ғой сенің бүгін...

Қуанышты күнің ғой сенің бүгін,
Шалмасыншы бейуақ өңіңді мұң.
Мен сені мұңайтпауға уəде етіп,
Мен саған сыйға тартам сенім гүлін.
Сен жайлы жазылар тек ендігі өлең,
Оқылар періштелер ерніменен.
Мына əлемнің ең ғажап сұлулығы,
Тек сенің жанарыңда мөлдіреген.
Адалым ең жаралған жаның нұрдан,
Тəңір сені нұрына малындырған.
Тұтқындаған сен болдың қалың мұңға,
Құтқарғанда сен ендің қалың мұңнан.
«Сүйем» деп алдарқатып өзгелерін,
Сен едің жар қылсам деп көздегенім.
Мен сені мұңайтпауға уəде етем,
Мен сені жылатпауға сөз беремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу