Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  600


Автор: Олжас Сәндібек

Құдай қосқан қосағым...

Құдай қосқан қосағым,
Қырық қызға жыр жаздың деп босадың.
Сені алғаш жолықтырған күннен-ақ,
Қырық қызға айтқан едім Қош əнін.
Өткенді алып есіңе,
Мұңаясың несіне.
Кінəм болса аздаған,
Кешіре сал, кешіре.
Мөлдірім-ау,
Мөлдірім,
Кірпігіңе қондырмашы енді мұң.
Бордай болып егілгенің неткенің,
Қайда сенің өрлігің?
Жан-жарым-ау,
Жан-жарым,
Өлеңді де,
өмірді де арнадым.
Қызғанбай-ақ қой мені...
Қырық қыздан
мен тек сені таңдадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу