Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  410


Автор: Олжас Сәндібек

Өтініш

Көк нөсер көктен саулаған,
Долы жел жоғын даулаған,
Ызғарлы түнде жаураған,
Сап-сары жапырақтар-ай,
Тағдыры менен аумаған.
Көзінің мөлдір қарасы,
Ару біткеннің дарасы,
Жанымның жалғыз саясын,
Тоңдырды ма екен күзгі жел,
Бола алмадым-ау арашы.
Түсіме түнде жүз кірер,
Аңсарым ауып үздігер.
Салқындау еді сіздің ел,
Жанымның жалғыз саясын
Тоңдыра көрме күзгі жел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу