Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  440


Автор: Олжас Сәндібек

Жұмыр басты пенделердің біріміз...

Жұмыр басты пенделердің біріміз,
Қателіктер кетті бізден, күмəнсіз.
Көктемеде көктемесе гүліміз,
Мүмкін біздер қосылмайтын шығармыз.
Кінəлама көп сөз солай десті деп,
Бұл сөзімді құп ал қыз.
Бір кеудеде соға алмаса қос жүрек,
Қосылмайтын шығармыз.
Өзімізше асқақ болған түріміз,
Қанша уақыт шыдармыз.
Сағынамыз бірімізді-біріміз,
Қосылатын шығармыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу