Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  1555


Автор: Шөмішбай Сариев

Туған жер (балалар әні)

1. Жайлау гүлге тұнатын,
Атам, әжем тұратын,
Мен ауылды,
Мен ауылды сүйемін!
А...
Мен ауылды,
Мен ауылды сүйемін!
2. Қала гүлге тұнатын,
Папам, мамам тұратын,
(Әкем, анам)
Мен қаланы,
Мен қаланы сүйемін!
А...
Мен қаланы,
Мен қаланы сүйемін!
3. Атам, әжем мекені,
Папам, мамам мекені,
(Әкем, анам)
Туған жерді,
Туған жерді сүйемін!
А...
Туған жерді сүйемін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу