Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  673


Автор: Шөмішбай Сариев

Туған жер

1. Бабамның көзіндей,
Анамның өзіндей,
Сәбилік сезімдей,
Ыстықсың туған жер.
А...
Ыстықсың туған жер.
2. Арманды таңымдай,
Балалық шағымдай,
Досымның жанындай,
Қымбатсың туған жер.
3. Өмірдің сазды әнін,
Көктемін, жаздарын,
Аққуын, қаздарын,
Сағынар туған жер.
Аққуын, қаздарын,
Сағынар туған жер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу