Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  475


Автор: Шөмішбай Сариев

Астана

1. Айналғандай пейіш-жұмақ, баққа да,
Тарихи жер – тұғыр болған таққа да, ей!
Абылайхан ақ туындай – Ақ қала,
Қазағымның бас қаласы-ей, Астана!
Қайырмасы:
Ел елдігі – Астана!
Кемелдігі – Астана!
Ел-анама – бас қала – Астана!
Кең далама – бас қала – Астана!
Қазағыма қонған бақыт бақ қала,
Армандардың ақ ордасы-ей, Астана!
2. Ата-бабам қонған талай атқа да,
Бермес үшін дұшпан жауға, жатқа да, ей!
Жаңа жауған аппақ қардай Ақ қала,
Қазағымның қара орманы-ей, Астана!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу