Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  215


Автор: Шөмішбай Сариев

Бейбіт құсы

1. Қарлығаштай қиял-арман,
Көкжиектен – қиялардан,
Бейбіт құсым самғай ұшшы,
Балапандай ұялардан.
Қайырмасы:
Жер үстінде шашу шашқан,
Шапағатым – Бейбітшілік!
Бұл өмірде мәңгі бақи,
Махаббатым – Бейбітшілік!
2. Балауса пәк бала атымен,
Мейірім тұнған ана атымен,
Бейбіт күнім биік самға,
Көгершіндер қанатымен.
Қайырмасы.
3. Көкке қанат қақты құсым,
Арман болып ақты құсым,
Бұзбай мәңгі самғай берші,
Сәбилердің тәтті түсін.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу