Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  174


Автор: Шөмішбай Сариев

Сәлем саған туған ел

1. Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан,
Баян сұлу, Жібектей,
Төлегендей түлектей,
Ұл-қызы бар елімнен,
Жұлдызы бар жерімнен,
Сәлем саған, туған ел!
Қайырмасы:
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Арманы бір, сыры бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Сәлем саған, туған ел!
 2. Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жаралған ел, жыр үшін
Сырда сұлу күрішім,
Қырда бидай ырысым.
Миллиардтай алтын дән,
Миллиардтай бар тұлғам,
Жыршы, жырау салтымнан,
Әнші-күйші халқымнан.
Сәлем саған, туған ел!
Қайырмасы.
3. Туған бақыт таңы алдан,
Таңы нұрдан жаралған.
Байқоңырдан ғарышқа
Қанат қаққан сан арман.
Қазақ деген даламнан,
Аруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, туған ел!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу