Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  133


Автор: Шөмішбай Сариев

Дала жыры

1. Жүрегіне қуаныш тола алар ма?
Бақыт құсы халқыма қона алар ма?
Әнмен таңын бабамыз қарсы алмаса,
Ән әлдилеп, даламыз ән салмаса.
Қайырмасы:
Қасіретті қайғы-мұңға қарамай,
Ән тербеген арман менің далам-ай,
Әншіл жүрек қайран менің бабам-ай.
2. Өркеш-өркеш өрелі құмдарымен,
Сағым-сағым сағыныш сырларымен,
Сапар шегіп жерімнің төсіменен
Көшіп-қонған елімнің көшіменен.
Қайырмасы.
3. Күмбір-күмбір ағатын бұлағымен,
Сылдыр-сылдыр қағатын құрағымен,
Мөлдір-мөлдір көкорай көлдерімен,
Шетсіз-шексіз меңіреу шөлдерімен.
Қайырмасы.
4. Бүгін әнін шырқайды қайта өмірім,
Даусы жеткен ғарышқа Байқоңырым,
Асқақ әнім, әлемге тарады үнім.
Бақыт жырын толғайды дала бүгін.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу