Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  101


Автор: Олжас Сәндібек

Сүю

Атпайды сенсіз күліп таң,
Түннен де бақыт сезбедім.
Қараған жанды жылытқан
Шамасы күн-ау көздерің.
Айта алмай ойды іркідім,
Сұлулық сенде жатады.
Көзің күн болса кірпігің
Сол күннің шашқан шапағы.
Ай мүсін ару бетіңмен
Шиедей қызыл ерінің.
Дегбірін таусып кетірген
Қоздырып жігіт желігін.
Ойламай сені көз ілмен,
Іздеуден жүрек танбады-ау.
Табыссам, шіркін, өзіңмен
Арман-ау, бірақ арман-ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу