Өлеңдер ✍️

  24.09.2022
  77


Автор: Олжас Сәндібек

Ғашықтар күні

Бұл даладан жыл да өткен, ғасырда өткен,
Ғашықтар аз ба бізде жасын төккен.
Қозы мен Баян өтті құрбан болып,
Махаббаттың жолына басын тіккен.
Қодар өмір Қозыны аяды ма,
Тағдыр тұсау салса да аяғына.
Адалдықтың жолынан айнымастан,
Мəңгі ғашық боп қалды Баянына.
Ғашықпын деп хақым бар арындарға,
Сезім қаны тулайды тамырларда.
Махаббат мəңгі өлмейді, мəңгі өлмейді,
Жүрек барда, жас барда, жалын барда.
«Сүйем» десем кім ұқсын сірə мені,
Бір ұғынса мына аспан ұғар мені.
Жанға ашпаған бар сырды жиып алған,
Мына дала ғашықтар куəгері.
Жүрек жүрек бола ма дір етпеген,
Сезім гүлдер жырменен, тілекпенен.
Мен ғашықпын гүлдерге, сұлуларға,
Кеудемдегі осынау жүрекпенен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу