Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  304


Автор: Олжас Сәндібек

Арайлым...

Арайлым.
Жанары өзіңде талайдың.
Нұрланып жүретін жүзіңе,
Құрбаның болардай үзіле,
Ұрланып тым жиі қараймын.
Қымбаттым.
Мен неткен бейбақпын.
Мұңымды ақтарып жұлдызға,
Құнымды арттыр деп бұл қызға,
Ғұмырын тіледім бұл бақтың.
Қылықтым.
Сұп-суық санамды жылыттың.
Көріктім көзіңнен күн күлген,
əлемге əн салшы күлкіңмен,
Өткеннің барлығын ұмыттым.
Балдайым
Жырымды өзіңе арнайын.
Ұйқысыз қарсы алып таң нұрын,
Өзіңмен өтсе деп əр күнім,
Сен жайлы ойлаймын.
Жағдайым,
Осылай, күнім-ау, осылай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу