Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  121


Автор: Олжас Сәндібек

Жаныма ауыр тиер ме еді мұншама...

Жаныма ауыр тиер ме еді мұншама,
Сап-сары боп сағыныштан күз өлді.
Ет жүрегім қанша ауырып тұрса да,
Қоштасамыз біз енді.
Мен əлі де сыңарымды таппадым,
Əсте сабыр күттірді.
Сенің маған түнде жазған хаттарың,
Менің жалғыз қалғанымды ұқтырды.
Махаббатты ардақтаған түріміз,
Өзімізге қарсы қойып жебені.
Бұл ғұмырдан бірімізге біріміз,
Кездеспей-ақ кеткеніміз жөн еді.
Көңілімді жырларымнан ұғарсың,
Мені бекер тумас болар Хауа Анам.
Енді мені білгің келсе сұрарсың,
Жұлдыз бенен ауадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу