Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  127


Автор: Олжас Сәндібек

Сары қыз

Бөгет болмай бір кезде тұсауың да,
Тарпаң едім байлаулы бағын үзген.
Отырушы ем оңаша қыс айында,
Сары аязда сырласып сары қызбен.
«Неге сары қызсың?» деп сұраймын да,
Əңгімені əзілге жалғаймын кеп.
Үн қататын еркелеп құлайтын да,
«Сені ұзақ күткеннен сарғайдым» деп.
Бүкіл əлем далада дірілдейтін,
Бүкіл халық бүрсеңді күй кешуде.
Сол бір суық біз үшін білінбейтін,
Тақпайтынбыз пальтоның түймесін де.
Мінезі сəл жұмсақтау биязыдан,
Кеудесіне күн нұрын орнатқан-ды.
Мені сол бір қаңтардың аязынан,
Сары қыздың құшағы қорғап қалды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу