👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  83


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Мiнез тағы қашырды-ау сиқыңды шын...

Мiнез тағы қашырды-ау сиқыңды шын,
Назың қайда сәбидей сиқыр-мүсiн?
Долданыстан түк шықпай жылай кеттiң
Аянышты-ақ! –
Сол кезде сүйкiмдiсiң.
Үмiтi – асқақ,
Барымен базар құсым,
Жараңды ендi қиялмен жазармысың.
«Көркiм жоқ па сендiк?» – деп айнаны ұрдың
Аянышты-ақ! –
Сол кезде ажарлысың.
Сүймедiм бе, сүйдiм бе?... –
Дәл нақтысын
Сезбеген соң өзiңдi алдап, құсым –
Шылымды ұстап қорқыттың «сергимiн» деп,


Аянышты-ақ! –
Сен, бiрақ, салмақтысың.
Қабағыңды аша алмай сабырлы iсiң,
Қаша бердiң жағалап қабiрдi шын.
Кездiк ала жүгiрдiң өздi-өзiңе
Аяп кетем...
Сол кезде қадiрлiсiң.
Қарғадың да тас аттың,
Сорым қалың.
Қанмен жудың бетiмдi,
Қолыңдамын,
Аянышты-ақ...
Бақытқа жаны құштар
Дәрменсiздiк жасатты-ау соның бәрiн.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы