Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  88


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Жанарыңнан жарқ еткен жарылыстың...

Жанарыңнан жарқ еткен жарылыстың
Жұттым дағы жалынын, жанып ұштым.
Қиялымның отына аңдаусызда
Өртеп аппын тамырын сағыныштың.
Дәрменсiздiк шексе егер ылаңға айбат
Жалғассын деп жүрекке шыдам, қайрат,
Сүңгимiн де өзiмнiң көз-жасыма,
Тұнбасы боп намыстың шығам қайнап.
Көкейiме шешусiз сұрақты iлген,
Қылығыңа мырс етiп жылап, күлгем.


Жылап тұрып жайдары сезiмiме
Аспанымды аяусыз құлаттым мен.
Уақыттың безбенi сенiм емес,
Аққу – елес, көздегi көлiме көш.
Кеш күнәңды,
Сынын кеш тағдырыңның,
Болса менен қателiк, менi де кеш...



1989 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу