Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  146


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Тарбағатай жотасы

Дәулетке



Суырлы тау – байлық бұл сыры басқа,
Cуыр өзiн байлық деп жылымас та...
Iн iшiнде шыңғыртса үрей бәрiн,
Алапат тау суыр боп ұлымас па?
Сен де, Өкпетi, биiктiң бiр сiлемi,
Құшағыңда ғасырлар күрсiнедi.
Жан дертiңдi сездiрме,
Сезiп қалса
Ажалдың да жүрегi түршiгедi.
Жынды мезгiл о бастан қасыңда ерiп,
Сұқтанса да рухың жүр – басың берiк.
Ақ шашыңнан сипалап бұлт жылады,
Мың жылаған Боғастың жасын көрiп.
Дидарында ызғарлы күлкi бекiп,
Жер де айналып барады шырқы кетiп.
Тiк мүйiздi шыңдарың бiрге айланды,
Кеңiстiктiң кеудесiн жыртып өтiп.
Тiрi тарих – сендерсiң, қарлы шыңдар,
Жыртқыш фәни өршiткен қарғысың бар,


Қарғысыңа қайралған аң-құсың бар,
Сыр алдырма, тағы айтам, арлысыңдар,
...Армысыңдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу